Талғарда изолятордан қашып кеткен күдікті туралы тың ақпарат белгілі болды. 26 жастағы жігіт жиен қарындасын зорлаған болуы мүмкін. Күдікті Алматы облысы Тереңқара ауылында тұрған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Күдіктінің анасы жақында 8-сыныпта оқитын жиенін қамқоршылыққа алған. Қыздың зорланғанын алдымен мектептің мұғалімдері білген.
“Жиен қыз тіпті отбасына зорланғанын айтпаған. Өйткені ол қаскөймен бір үйде тұрды. Жәбірленушінің мұғалімдері не болғанын біліп, анасына хабарлаған. Сөздерінше, жағдай жазғы демалыста үйде болған”, – деді көршісі Фатима Өтемісова.
Зорлау бойынша күдіктінің үйі бақылауға алынды. Талғардағы жолдарда бақылау-өткізу бекеттері болды. Бірақ таңертең алып тастады. Ер адам Талғар аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан сағат 17:00 шамасында қашып кеткен. Полиция іздеуге барлық күш жұмылдырылғанын айтады.
Тергеу изоляторының маңында тұратын тұрғындар алаңдаулы. Олар мұндай жағдайлар бұрын да болған дейді. Қашқындар сол жақтағы үйлердің бақшасына жасырынған көрінеді.
Полиция бөлімшесінің аумағында көптеген бейнекамералар орнатылған, бақылау-өткізу бекетінде кезекші күзетшілер бар. Бірақ күдіктінің тергеу изоляторынан қалай шығып кеткенін ешкім түсіндіре алмады.
“Зорлау дерегі бойынша күдікті азамат Қ. уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті. Сонымен бірге жағдайдың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізу тапсырылды. Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында”, – деп мәлімдеді Алматы облысы ІІД ресми өкілі Меруерт Морякова.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарды аралап, бейнебақылау камераларынан бақылап отыр. Әзірге нәтиже жоқ.
Күдіктінің бойы 180 сантиметрдей. Денесі ірі, шашы қара, қысқа. Ер адам қара киім мен аяқ киім киген.
Оның кінәсі дәлелденсе, кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін және қашып кеткені үшін жауап береді.