Талғарда күдікті тергеу изоляторынан қашып кетті

1729

Қашқынды ұстау үшін "Сирена" жоспары енгізілді. 

Талғарда күдікті тергеу изоляторынан қашып кетті Фото: freepik

Талғарда зорлау оқиғасында күдікті деп танылған азамат уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желідегі парақшалардың бірінде мынандай ақпарат таралды: 

"ҚК-тың 120-бап, 4-бөлігі бойынша ісі қаралып жатқан күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Абырой болғанда, оны арқаннан уақытылы түсіріп үлгерді. Дегенмен, бүгін түстен кейін ол қашып кетті. Барлық қызметкерлер оны іздеуге кіріскен, бірақ соңғы мәліметтер бойынша оны табу мүмкін болмай жатыр. Оқиға болғаннан кейін 4 сағат өткен соң ғана дабыл қағылған”, – деп жазылған мәліметте.

Желіде таралған видеода қала ішінде полиция көліктерді тоқтатып тексеріп жатқаны көрінеді.

Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қашқынды ұстау үшін "Сирена" жоспары енгізілді.

Негізгі бағыттарда блокбекеттер қойылып, полицияның барлық күштері күдіктіні іздеуге және ұстауға жұмсалуға бағытталған.

Сонымен қатар, К. есімді күдіктінің қашып кетуіне қатысты мән-жайды анықтау мақсатында қызметтік тексеріс жүргізілуде.

"Оқиға облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деп хабарлады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу