Талғардағы төбелесте Шерзат қандай жарақат алып, қаза болды?

580

Талғар орталық аудандық ауруханасының дәрігерлері төбелес кезінде мерт болған жасөспірім Шерзат Болат пен оның туысы қандай жарақаттар алғаны туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі KAZINFORM агенттігіне сілтеме жасап.

Талғардағы төбелесте Шерзат қандай жарақат алып, қаза болды? Фото: smi24.kz

Жасөспірімді және тағы бір зардап шегушіні емдеу мекемесіне Шерзаттың әкесі 4 қазанға қараған түні сағат 00:58-де жеткізген.

"2008 жылы туған пациентті (Шерзат – ред еск.) туыстары өте ауыр жағдайда жеткізді. Оның сол жақ кеуде тұсында, 4-5 қабырға аралықта пышақ жарақаттары болды. Оған дереу медициналық көмек, жүрек-өкпе реанимациясы көрсетілді, бірақ нәтиже болмады. Биологиялық өлім тіркелді", – деп хабарлады ауруханадан.

Екінші науқас, 1994 жылы туған ер адам (Шерзаттың ағасы – ред.еск.) да ауруханаға сағат 00:58-де түсті. Бірақ ол келесі күні таңертең шығып кеткен.

"Науқастың алған жарақатына байланысты жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланды. Дәрігерлер оған жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде органдарының жабық жарақаты диагнозын қойды. Бұдан бөлек, науқастың аяқ-қолы көгерген, бастың маңдай аймағы сырылған, желке тұсында гематома пайда болып, жұмсақ тіндері ісіп кеткен", – деп атап өтті ауруханадан.

Төбелес салдарынан тағы бір жігіт зардап шеккен, ол ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Оған медициналық көмек көрсетіліп, қазір амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу