Талғардағы аурухана басшысы қызметінен босатылды

446

Лаура Мырзағали Талғардағы аурухана басшысы қызметінен шеттетілді.

Талғардағы аурухана басшысы қызметінен босатылды Фото: Inbusiness.kz

A-Class Medical сенімді басқарушы компаниясы Талғар аудандық орталық ауруханасының медициналық директоры Лаура Мырзағалидің қызметіннен шеттетілгенін мәлімдеді, Inbusiness.kz сайты.

Аурухананың баспасөз қызметі Лаура Мырзағалидің қызметтік тергеуге байланысты қызметінен шеттетілгенін айтты.

"Шешім жергілікті интернет-қауымдастықтар парақшасында ұсынылған дәлелдер мен материалдар негізінде қабылданды. Шеттетудің мақсаты – Талғар ОАА медицина қызметкерлеріне қатысты заңсыз әрекеттерді тергеудің бейтараптығын қамтамасыз ету", – деп хабарлады Талғар аудандық орталық ауруханасы.

Қызметтік тергеу жүргізу үшін құрылған комиссия ұсынылған деректер мен мән-жайды талдайды.

"Басқарушы компания тергеу барысында объективтілік пен әділдік қағидаттарының сақталуына кепілдік береді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу