Талғардағы қанды оқиға: Полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

569

Тергеудің барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.

Талғардағы қанды оқиға: Полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне байланысты қылмыстық іс қозғалды Фото: gov.kz

2025 жылғы 6 қыркүйекте Алматы облысының прокуратурасы Талғар аудандық полиция басқармасы қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлігі ("Лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі") бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ведомствоның мәліметінше, оларға кәмелетке толмаған қызды ұрлап әкетіп, ер адамды өлтірген күдіктіні уақытылы ұстау үшін шараларды қабылдамаған деген айып тағылып отыр. Қайғылы оқиға Талғар ауданы Қызылқайрат ауылында болған.

Бұл істі арнайы прокурорлар өндірісіне алды.

Прокуратура жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Сондай-ақ, ресми дерек көздерге ғана сенуге шақырады. Басқа мәліметтер ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу