Желіде Талғардағы оқиғаға қатысты видеоны таратып жібергендер жазаланады

12368

Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Желіде Талғардағы оқиғаға қатысты видеоны таратып жібергендер жазаланады Фото: gov.kz

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер Талғардағы қанды оқиғаның видеосын желіге кімдер таратып жібергенін сұрады.

"Кеше әлеуметтік желіде осы видео тарады. ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның барысында бейнежазба желіге қалай тарап кеткенін анықтайды", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу