Талғардағы "Жастар" стадионы жеке меншікке берілмейді

158

Алматы облысы әкімдігі Талғар қаласындағы "Жастар" стадионын сату немесе жекеменшікке беру туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Талғардағы "Жастар" стадионы жеке меншікке берілмейді Фото: QFL.KZ

 Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі таңда стадионды жаңғырту тек инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылмақ.

– Стадионның қазіргі техникалық жағдайын ескере отырып, оны 39 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру ұсынылды. Бұл – сатып алу құқығынсыз, уақытша шара. Ол қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес келеді. Бұл тәсіл бюджет шығындарын азайтып, жеке инвестиция есебінен спорттық әрі мәдени инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді, – делінген әкімдік хабарламасында.

Ведомство өкілдері стадионның сатылатыны немесе жекеменшікке өтетіні туралы ақпаратты жалған және негізсіз деп атады.

– Бұл мәселе бойынша 2025 жылдың 15 наурызы, 5 сәуірі және 5 мамыры күндері Қарасай батыр көшесіндегі №6 мектепте қоғамдық тыңдаулар өтті. Оған тұрғындармен қатар мемлекеттік орган өкілдері, инвесторлар және қоғам белсенділері қатысты. Қазіргі уақытта пікірлер мен ұсыныстар жинақталып жатыр. Қабылданатын барлық шешімдер ашық әрі жария түрде қабылданады, – деп мәлімдеді әкімдік.

Айта кетейік, бұған дейін Талғар тұрғындары қаладағы жалғыз қолжетімді спорт нысаны саналатын "Жастар" стадионын жекеге беруге қарсы шығып, бейнеүндеу жасаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу