Талғарлықтар 3 млрд теңге жұмсалған жаңа мектептің сапасына наразы

719

Әлеуметтік желілерде дәретханасы көшеде орналасқан, төбелерінен су аққан жаңа қымбат мектептің суреттері пайда болды, деп жазады inbusiness.kz.

Талғарлықтар 3 млрд теңге жұмсалған жаңа мектептің сапасына наразы

Талғарлықтар қала шетіндегі енді ашылайын деп жатқан 1200 орындық жаңа мектептің сапасына наразы. Пост авторларының сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде бұл мектеп оқушыларды қабылдауға жарамсыз. Себебі шатырындағы тесіктерден су ағып, қабырғалары жарылған. Қыруар қаржы жұмсалған ғимаратта дәретхана да жоқ.

"Әкімдік мақтанып, мектепке кімді әкелмеді. 1200 орынға арналған бірегей, заманауи мектеп деп айтты. Енді оған оқушыларды да жинай алмай отыр.  Бастауыш сынып оқушыларын 8-ші мектептен "ерікті-мәжбүрлеп" ауыстыру арқылы толтырғысы келеді. Заң бойынша ата-аналардың өздері қай мектепке баруды, қай мектепке бармауды таңдауға құқығы бар.

Сонымен біз нені көріп отырмыз:

- Төбесі жұп-жұқа, оны басып жүрген жұмысшылар бәрін қиратқан. Салдарынан шатырдан су ағады.

- Ылғал салдарынан жарылған төбелер.

- Қабырғалары үгіліп жатыр.

- Ылғалдан қабырғалар дымқыл тартып, жарықтар пайда болған.

- Спорт алаңдары балшықты жерде орналасқан, яғни жаңбыр суына үнемі толады деген сөз...

Бұл қаражатқа бірнеше мектепті кеңейтіп, ауданның барлық мектебін жөндеуге болар еді! Талғар сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан", - деп жазылған хабарламада.

Кейбір БАҚ бұл мектепті BI-group салған деп жазды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу