Талғат Донақов Президентке сот корпусының жалпы ахуалы туралы баяндады

859

Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Талғат Донақов Президентке сот корпусының жалпы ахуалы туралы баяндады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі сот корпусының жалпы ахуалы, Жоғары Сот Кеңесінің былтырғы жұмысының қорытындылары мен биылғы жылға жоспары жайында баяндалды.

Мемлекет басшысына Қазақстан халқына Жолдауында және республикалық соттар съезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар Президентке Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеудің сапасын арттыру үшін қолданатын заманауи HR және цифрлық технологияны енгізу жөнінде айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа Кеңес жұмысына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, елдегі жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеу туралы тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу