Сол себепті бүгін Сенатта оны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босату мәселесі қаралып, қаулы бірауыздан қолдау тапты, деп жазады inbusinesдs.kz.
Мемлекет басшысынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ибрашев Талғат Әулиеханұлыны басқа қызметке тағайындаумен байланысты оны ҚР Жоғарғы Соты судьясы қызметінен босату туралы ұсыныс келіп түсті.
Ұсынылған кандидатура алдын ала Конституциялық заңнама, сот жүйесі, құқық қорғау комитетінде талқыланды.
"Комитет өзінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының ұсынысын қарау нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. ҚР Президенті ұсынымы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына, ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы заңның 22-бабына, ҚР Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы заңның 34-бабына 1-тармағының 8-тармақшасына, 3-ші тармағының 1-ші тармақшасына сәйкес, Комитет Парламент Сенатына Талғат Әулиеханұлы Ибрашевті басқа қызметке тағайындауына байланысты ҚР Жоғарғы Сотының қызметінен босатуды ұсынады", — деді Комитет басшысы Нұрлан Құдиярұлы.
Сенат депутаттарының дауыс беру нәтижесінде қаулы қабылданып, судья қызметінен босатылды.
Талғат Ибрашев, 1969 жылы туған, Қостанай облысының тумасы.
- 1995 жылы Орал мемлекеттік заң академиясын бітірген.
- 1993-1997 жылдары – Торғай облысы бойынша кеден басқармасының инспекторы, бөлім бастығы, Торғай облыстық сотының консультанты;
- 1997-2004 жылдары — Арқалық қалалық сотының судьясы, Қостанай облыстық сотының судьясы;
- 2024-2016 — Қостанай аудандық сотының төрағасы, Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы, Рудный қалалық сотының төрағасы;
- 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін-Жоғарғы Соттың судьясы.
- 2024 жыл 19 сәуір — Алматы облыстық сотының төрағасы.