Талғат Мамашевтың орнына Зауытбек Тұрысбек сайланды

1268

 Талғат Мамашевтың орнына Зауытбек Тұрысбек сайланды

Бүгін Астанада басталған дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында  ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының төрағасы болып қайта сайланды. Құрылтай делегаттары бірауыздан елбасының төрағалығын құптады. Талғат Мамашев төрағаның бірінші орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды egemen.kz.
Мемлекет басшысы ұсынысымен дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа төрағасының бірінші орынбасары болып Зауытбек Тұрысбек сайланды.

"Енді біз төрағаның бірінші орынбасарын сайлауымыз керек. Жанымда отырған Талғат Мамашев 2004 жылдан бастап атқарып келеді. Біраз жұмыс істелді. Талғат Асылұлының жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіріп, рахмет айтамын. Сырттағы отандастарымызбен рухани-мәдени байланыстар нығая түсті. Мен енді осы орынға Зауытбек Тұрысбековті ұсынғым келеді. Тәуелсіздік жылдар ішінде менің тапсырмаммен талай жауапты қызметтер атқарды. Ысылған, тәжірибелі. Жалпы сырттағы ағайынның өмір сүруі мен жүріс-тұрысымен жете таныс Ең негізгісі - қандастарымыз ең көп тұратын Ресей мен Өзбекстанда елші болды. Олардың жағдайын жақсы біледі", – деген президент көпшілік дауысқа салды. Құрылтай делегаттары Зауытбек Тұрысбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

"Үлкен сенімге көп рахмет. Бұл қызмет әр қазаққа бөлек дүние. Мен көп сөйлемеймін, іс білемін. Ертеңгі күні барынша іспен дәлелдеймін",– деді төрағаның жаңа бірінші орынбасары .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу