Талғат Момышев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

787

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Амангелдіұлы Момышев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талғат Момышев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист.

1994-1996 жж. – қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры. 

1997-1998 жж. – Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары. Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді.

1998-1999 жж. – Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.  

1999-2000 жж. – Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.  

2000 ж. – "Метрология" РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, "Ұлттық аккредиттеу орталығы" АҚ директорының бірінші орынбасары. 

2000-2005 жж. – "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.

2005-2010 жж. – Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары. 

2010-2014 жж. – Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 

2014-2016 жж. – Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 

2016-2018 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2018-2019 жж. – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 

2019-2021 жж. – ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.

2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу