Талғат Момышев Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

1267

Энергетика министрінің бұйрығымен Талғат Амангелдіұлы Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Талғат Момышев Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

1994-1996 жылдары — "Қарахан" қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры. 

1997-1998 жылдары — Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары.

1998 жылы — "Интерсистема" ЖШС президенті. 

1998-1999 жылдары — Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті. 

1999-2000 жылдары — Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы. 

2000 жылы — "Метрология" РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, "Ұлттық аккредиттеу орталығы" АҚ директорының бірінші орынбасары.

2000-2005 жылдары — "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.

2005-2010 жылдары — Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.

2010-2014 жылдары — Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2014-2016 жылдары — Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2016-2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2018-2019 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 

2019 жылғы 8 сәуірден 2021 жылғы 19 қаңтарға дейін — ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу