Тальго пойызынан ақау шығып, 182 адам жолда қалды

1400

Кейбір жолаушылар компания қызметкерлеріне наразылықтарын желіде жариялады.  

Тальго пойызынан ақау шығып, 182 адам жолда қалды

Оралдан Алматыға бағыт алған пойыз бұзылып, орта жолда қалды, деп хабарлайды Atameken Business.

Ал, діттеген жерге жете алмаған 182 жолаушы Қарағанды вокзалында шу шығарды. Барлығы ақшаларын қайтарып алу үшін кассаға таласып, кептеліс туындады. Тасымалдаушы компанияның мәліметі бойынша темір жол құрамының екі вагонынан ақау шыққан. Бұл адамдардың өміріне қауіп төндіретін болғандықтан пойызды тоқтатуға шешім қабылданыпты. Кесірінен 9 сағатқа сапары тежелген адамдар көлік алмастыруға мәжбүр болды. Бұл жәйт бір ай бұрын арзан билет сатып алған жолаушыларға ұнай қоймаған секілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу