"Талибан" 12 адамнан тұратын кеңес құрмақ

975

Тәліптер биліктің бір адамның қолында болғанын қаламайды, президент лауазымын қалпына келтіргісі келмейді.

"Талибан" 12 адамнан тұратын кеңес құрмақ

"Талибан" радикалды қозғалысының басшылығы (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанды басқару үшін 12 адамнан тұратын кеңес құрмақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz Foreign Policy басылымына сілтеме жасап. Кеңес құрамына бұрынғы үкіметтің кейбір мүшелері енгізілмек. 

Сонымен қатар "Талибанның" саяси қанатының жетекшісі Абдул Ғани Барадар,  әскери комиссиясының жетекшісі Моулави Якуб және "Хаккани желісі" диверсиялық тобының жетекшісі Сираджуддин Хаккани кеңестегі ең ықпалды үш адам болып тағайындалмақ.

Басылымның хабарлауынша, тәліптер биліктің бір адамның қолында болғанын қаламайды, президент лауазымын қалпына келтіргісі келмейді. Олар АҚШ қолдайтын бұрынғы үкіметтің кейбір мүшелеріне министрлік лауазымдарды ұсынуға ниетті. 
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстанның саяси басшылығы "Талибан" радикалды қозғалысының содырларына қарсы күрестен бас тартып, елден қашып кетті деп айыптаған еді. Оның айтуынша, Ауғанстан басшылығы АҚШ-тың қолдауына қарамастан берілген. 

"Сонда не болды? Ауғанстанның саяси басшылығы беріліп, елден қашып кетті. Ауғанстанның қарулы күштері ыдырап, тіпті соғысуға құлық танытпады", – деген еді президент. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу