"Талибан" әйелдер құқығы туралы жарлық шығарды

874

Қажылық және дін істері жөніндегі министрлікке әйелдердің құқығын уағыздау тапсырылды.

"Талибан" әйелдер құқығы туралы жарлық шығарды

"Талибан" қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахундзада әйелдер құқығы туралы арнайы жарлық шығарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ахундзада қозғалыс әкімшілігіндегі барлық шенеуніктерге, діни тәлімгерлерге және тайпа басшыларына бұйрықтың орындалуын бақылауды тапсырды.

Құжатта әйелдерді мәжбүрлеп тұрмысқа шығаруға тыйым салынатыны жазылған. Әйел өз келісімін бергенде ғана неке жүзеге асады. 

"Әйел – зат емес. Ол – асыл және еркін адам. Ешкімнің оны зат ретінде беруге құқығы жоқ", – деп жазылған жарлықта.

Бірнеше әйелі бар адамдар олармен қарым-қатынас орнатуда шариғат ережелерін ұстануы керек.  

Қажылық және дін істері жөніндегі министрлікке әйелдердің құқығын уағыздау тапсырылды. Сондай-ақ ақпарат және мәдениет министрлігіне де осындай тапсырма берілді.

Табиғат Нұрболат

Фото: reuters.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу