"Талибан" әйелдерді үкіметте жұмыс істеуге үндеді

1223

Елді басып алмай тұрып тәліптер исламға қайшы келмесе, әйел құқығын сақтауға кепілдік беретінін мәлім еткен еді. 

"Талибан" әйелдерді үкіметте жұмыс істеуге үндеді

Ауғанстанды толықтай басып алғанн "Талибан" (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) радикалды қозғалысының содырлары әйелдерге елді басқару процесіне қатысуды ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Al Hadath телеарнасына сілтеме жасап. 

Нақтырақ айтқанда, тәліптер әйелдерді болашақ үкімет құрамында жұмыс істеуге шақырды. Содырлар Ауғанстандағы әйелдердің "құрбан" позициясында боллғанын қаламайтынын мәлім етті.

Бұған дейін "Талибан" ауған әйелдеріне БАҚ саласында жұмыс істеуге мүмкіндік берген еді. Оларға телеарналарда бағдарлама жүргізуге рұқсат етілді. Tolo News жергілікті телеарнасы өкілінің хабарлауынша, медиа саласында жұмыс істейтін Бехешта Аргханд есімді әйел "Талибан" қозғалысындағы медиа топтың мүшесі Мавлави Абдулхак Хемадтан Кабулдағы қазіргі жағдай туралы сұхбат алған. 
Шілде айының басында Ауғанстан аумағын басып алмай тұрып тәліптер исламға қайшы келмесе, әйел құқығын сақтауға кепілдік беретінін мәлім еткен еді. Бұл мәлімдеме білім алу және жұмыс істеу құқығына қатысты жасалды. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу