"Талибан "АҚШ-тың Ауғанстан астанасы Кабулдағы "Әл-Каида " террористік ұйымының жетекшісі Айман әл-Завахириді өлтіру операциясын айыптады.
"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулла Муджахид өзінің Twitter-дегі парақшасында "Кабулдың орталығындағы Шерпур ықшам ауданындағы үйге жасалған шабуылды АҚШ ұшқышсыз басқарылатын аппараттың көмегімен жүзеге асырды" деп жазды.
Муджахилдбұл шабуылды "халықаралық қағидаларды бұзу және 2020 жылы Дохада АҚШ пен Талибан арасындағы Ауғанстаннан әскерді шығару туралы келісімді" бұзу деп атады.
31 шілдеде Кабулдың үш ауданында жарылыстар болды. "Талибан" уақытша үкіметінің ішкі істер министрлігі Шерпурдағы бос үйге зымыранмен шабуыл жасалғанын, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлаған еді. Бірақ кейін бұның "Әл-Каида" басшысына қарсы операция екені белгілі болды.
АҚШ Президенті Джо Байден Ауғанстандағы "Әл-Каида" террористік ұйымының басшысы Айман әл-Завахиридің өлтірілгенін растады. Ақ үй басшысы операция барысында ұшқышсыз басқарылатын аппараттың қолданылғанын мәлім етті.
Табиғат Нұрболат
Фото: afp.com