"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) халықаралық қауымдастықты Ауғанстанға экономика, білім және денсаулық сақтау саласында көмектесуге үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Al-Jazeera телеарнасына сілтеме жасап.
Тәліптердің айтуынша, "Талибан" енді ешқандай елдің соғысты қайтадан бастауына жол бермейді.
Бұған дейін радикалды қозғалыстың өкілі Мұхаммед Наим содырлар Ауғанстан астанасынан іске асырылатын ішкі және халықаралық рейстерді тезірек қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтқан болатын.
Ескере кететін жайт, 30 тамызда АҚШ Ауғанстандағы 20 жылдық миссиясын аяқтап, барлық әскери күштерін шығарды. "Талибан" соңғы америкалық сарбаз кеткеннен кейін Ауғанстан толықтай тәуелсіз болды деп мәлімдеді.
Табиғат Нұрболат