"Талибан" Ауғанстан азаматтарын қару-жарақ тапсыруға міндеттеді

829

Бұған дейін олар шенеуніктерге рақымшылық жасаған болатын. 

"Талибан" Ауғанстан азаматтарын қару-жарақ тапсыруға міндеттеді

"Талибан" радикалды қозғалысы Ауғанстанның барлық азаматтарын тәліптерге қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсыруды міндеттеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz  Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қозғалыс өкілдерінің айтуынша, бейбіт тұрғындардың Талибан әрекеттеріне қатысты кез-келген шағымы тергелмек. Сонымен қатар содырлар бұрынғы үкіметпен бейбіт диалог орнатуға және шенеуніктердің қауіпсіздігі үшін қолдан келгенді жасауға уәде берді.

"Талибан" өзінің жеңісін атап өтудің қажеті жоқ санайды. Жеңіс Ауғанстан халқыныкі", – деп жазылған тәліптердің мәлімдемесінде.

17 тамызда "Талибан" (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) бұрынғы үкімет шенеуніктеріне рақымшылық жасаған еді.Олар шенеуніктерді мемлекеттік мекемелердегі жұмысын бастауға үндеді. 16 тамызда қозғалыс өкілі Сухайл Шахин "Талибан" тергеусіз сотқа жол бермейтінін және барлық саяси жазалар, соның ішінде өлім жазасы мен аяқ-қол ампутациясы шариғат сотының шешімімен ғана жүзеге асырылатынын мәлім етті. Оның айтуынша, ел тұрғындарына кез-келген адамды сынауға рұқсат етіледі, бірақ тиісті сот шешімінсіз адамдарды өлтіруге және таспен ұруға тыйым салынады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу