Талибан: Ауғанстан Орталық және Оңтүстік Азияны дамыту хабына айналуы керек

743

Ташкентте "Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму" деп аталатын халықаралық конференция өтіп жатыр.

Талибан: Ауғанстан Орталық және Оңтүстік Азияны дамыту хабына айналуы керек

"Талибан" үкіметі Ауғанстанның аумағын террористік ұйымдардың пайдаланбайтынына кепілдік береді. Талибан үкіметінің Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амирхан Муттаки Ташкенттегі халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ауғанстан аймақтағы тұрақсыздықтың бесігіне айналмайды, басшылық ел аумағын Аль-Каида мен басқа да террористік ұйымдардың пайдаланбайтынына кепілдік береді", – деді Муттаки.

Оның айтуынша, Ауғанстанның қазіргі мақсаты әлемнің барлық елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнату болып табылады.

Муттаки елдің негізгі бағыты экономикалық даму, сондай-ақ Ауғанстанды Орталық және Оңтүстік Азияны дамыту хабына айналдыру екенін атап өтті.

Ташкентте өтіп жатқан "Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму" деп аталатын халықаралық конференцияға әлемнің 20-дан астам елінен делегациялар келді. Олардың қатарында Қазақстан да бар. 

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу