"Талибан" Ауғанстан президентінен билікті қабылдаудан бас тартты

4307

15 тамызда тәліптер елдің бүкіл аумағына бақылау орнатқанын жариялады. 

"Талибан" Ауғанстан президентінен билікті қабылдаудан бас тартты

"Талибан" қозғалысы елден қашып кеткен Ауғанстан президенті Ашраф Ғаниден билікті қабылдаудан бас тартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Тараптар билікті бұрынғы президенті Хамид Карзай мен Ауғанстандағы ұлттық бітімгерлік жөніндегі жоғары кеңестің басшысы Абдулла Абдулладан ал жағы қарастырылып жатыр. 

"Біз президент Ганиге қауіпсіздік саласындағы тұрақсыздыққа жол бермес үшін билікті бейбіт жолмен беруді ұсынған едік, бірақ ол қашып кетті",– дейді тәліптер.

15 тамызда "Талибан" Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатқанын жариялаған еді. Қазір мемлекетті басқару міндеті уақытша кеңеске жүктелді, ол артынан бұл өкілеттікті тәліптерге тапсырады. Жаңа кеңестің құрамына ұлттық бітімгерлік жөніндегі жоғарғы кеңестің басшысы Абдулла Абдулла және бұрынғы президент Хамид Карзай енгізілді. Елдің қазіргі  президенті Ашраф Ғани елден қашып кетті.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу