"Талибан" үкіметі британиялық BBC телеарнасының Ауғанстанда көрсетілуіне тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz DW-ге сілтеме жасап.
Сонымен қатар Америка дауысы, Deutsche Welle және қытайлық CGTN де қара тізімге енгізілді.
Дегенмен телеарнаның парсы тіліндегі трансляциясы әлі де ауғанстандықтардың 20%-на қолжетімді.
Ескере кететін жайт, "Талибан" халықаралық хабар таратушылардың жұмысын тоқтату туралы шешімді қыздарға арналған мектептерді қайта ашудан бас тартқаннан кейін бірнеше күн өткен соң қабылдады. Кейінірек АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы өкілі Томас Уэст тәліптер алдағы күндері бұл мәселені қайта қарастыратынын мәлімдеді.
Табиғат Нұрболат