"Талибан" Ауғанстанда шетел валютасын пайдалануға тыйым салды

689

Ережеге бағынбағандардың ісі сотта қаралады.

"Талибан" Ауғанстанда шетел валютасын пайдалануға тыйым салды Фото: reuters.com

Ауғанстандағы билікті басып алған "Талибан" радикалды қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) азаматтарды экономикалық операцияларда тек ұлттық валютаны, яғни афганиді пайдалануға үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz уақытша министрлер кабинетіндегі ақпарат және мәдениет министрінің орынбасары Забихулла Муджахидтің Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ережені бұзғандардің ісі сотта қаралады. "Шетел валютасын пайдалану экономикаға кері әсерін тигізеді, бұл шығын елдің әр тұрғынына ықпал етеді", – деді Муджахид.

Бұған дейін Муджахид тәліптердің негізгі кіріс көзін атады. "Салықтар мен кедендік баждар. Алдағы уақытта пайдалы қазбаларды өндіруден пайда табуды жоспарлап отырмыз", – деді ол.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу