Талибан Ауғанстандағы саяси партияларға толық тыйым салғанын жариялады

522

Партия құруға шариғат негізі жоқ және ұлт мүддесіне сай келмейді, дейді тәліптер.

Талибан Ауғанстандағы саяси партияларға толық тыйым салғанын жариялады Фото: Point.md

Осыдан тура екі жыл бұрын Ауғанстанда билікке келген "Талиба " қозғалысының Әділет министрлігі елдегі барлық саяси партиялардың қызметіне толық тыйым салынғанын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz India TV-ға сілтеме жасап.

Тәліптер шариғат заңдарын негізге ала отырып отырып, партияларға тыйым салды. 

"Саяси партиялардың шариғат негізі жоқ, олар ұлт мүддесіне сай келмейді. Өздеріңіз көріп отырғандай, елдің қазіргі күйреуі саяси партиялардың кінәсінен болып отыр", - деді Әділет министрінің міндетін атқарушы Абдул Хаким Шарай.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың тамызында Талибан билікке келгенге дейін елде кем дегенде 73 тіркелген саяси партия болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу