"Талибан" Ауғанстанның Жоғарғы Сотын құрды

700

Тәліптер құрған уақытша үкіметті әлі ешбір ел мойындамады.

"Талибан" Ауғанстанның Жоғарғы Сотын құрды

Ауғанстандағы билікті басып алған "Талибан" қозғалысы елде Жоғарғы Сот құрылғанын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Aamaj News сайтына сілтеме жасап. 

Бас сот болып Мавлави Абдул Хаким Хаккани, оның бірінші орынбасары болып Мавлави Мохаммад Касим Туркман тағайындалды.

2001 жылғы 13 қарашада АҚШ бастаған халықаралық коалицияның қолдауымен "Солтүстік альянс" сарбаздары тәліптерді биліктен кетірген еді. 20 жыл өткеннен соң, яғни Вашингтон 2021 жылдың көктемінде Ауғанстандағы әскерилерін шығаратынын жариялағаннан кейін, "Талибан" билікті басып алу үшін ауқымды операцияны бастады. 15 тамызда Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани отставкаға кететінін мәлімдеп, елден қашты.

Ал "Талибан" Кабулды ұрыссыз басып алып, 6 қыркүйекте радикалдар бүкіл Ауғанстан территориясына бақылау орнатқанын мәлімдеді. 7 қыркүйекте уақытша үкіметтің құрамы жарияланды. Бірақ оны ешбір ел әлі мойындамады.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу