БҰҰ: "Талибан" билігі кезінде апиын өндірісі артты

1849

Апиын өндіруден түскен пайда көлемі биыл 2,7 миллиард долларға дейін өскен.

БҰҰ: "Талибан" билігі кезінде апиын өндірісі артты

Ауғанстанда апиын өндірісі 2021 жылы 8%-ға өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz БҰҰ-ның Есірткі және қылмысқа қарсы күрес басқармасына сілтеме жасап. 

Бүгінгі таңда Ауғанстандағы апиын өнімі 6,8 мың тоннаға жетті. 2021 жылы бұл елден әлемдік нарыққа шамамен 320 тонна ауған героині экспортталды. Ауғанстаннан шығарылған героин әлемдік апиын тұтыну көлемінің 80%-ды құрайды, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 85%-ға жеткен болатын.

Ресми дерек бойынша, апиын өндіруден түске пайда көлемі биыл 2,7 миллиард долларға дейін өсті. 2020 жылы 1,8 миллиард доллар болған еді. 

Ведомствоның хабарлауынша, фермерлер алдағы уақытта апиынды көбірек өсіруі мүмкін. "Ауғанстандағы жағдайға халықаралық қоғамдастық араласуы  керек. БҰҰ-ның ауған халқын қолдауы аясында есірткіні заңсыз өндіруді қысқарту қажет", – деп жазылған басқарма мәлімдемесінде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу