Талибан бұрынғы үкімет шенеуніктеріне рақымшылық жасады

2390

Содырлар  шенеуніктерді жұмысқа кірісе беруге үндеді. 

Талибан бұрынғы үкімет шенеуніктеріне рақымшылық жасады

"Талибан" қозғалысының өкілдері (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) бұрынғы үкімет шенеуніктеріне рақымшылық жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz AFP агенттігіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар тәліптер шенеуніктерді мемлекеттік мекемелердегі жұмысын бастауға үндеді. "Жұмысқа кірісе беріңіздер",– деп жазылған хабарламада.

16 тамызда қозғалыс өкілі Сухайл Шахин "Талибан" тергеусіз сотқа жол бермейтінін және барлық саяси жазалар, соның ішінде өлім жазасы мен аяқ-қол ампутациясы шариғат сотының шешімімен ғана жүзеге асырылатынын мәлім етті. Оның айтуынша, ел тұрғындарына кез-келген адамды сынауға рұқсат етіледі, бірақ тиісті сот шешімінсіз адамдарды өлтіруге және таспен ұруға тыйым салынады.

БҰҰ-дағы Ауғанстанның тұрақты өкілі Гулам Исакзайдың айтуынша, "Талибан" содырлары адамдарды үйлеріне барып іздеп, зорлық-зомбылық жасауын бастап кеткен көрінеді. Исакзай көптеген ауғандықтар тәліптер билікке келген соң елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріне араласа алмайда деген пікірде.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу