"Талибан" делегациясы Мәскеуге барды

639

Кездесуде билік ауысқаннан кейінгі әскери-саяси жағдай, гуманитарлық көмек және инклюзивті үкімет жасақтау мәселелері талқыланады.

"Талибан" делегациясы Мәскеуге барды

Ресей астанасы Мәскеу қаласына тәліптердің делегациясы барды, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Ауғанстан бойынша "Мәскеу форматындағы" келіссөздер өтеді.

Сонымен қатар тараптар екіжақты кездесу ұйымдастырады. Бұны қозғалыс өкілі Хайрулла Хайрхах растады. 

Негізгі мәселе бойынша консультацияларға және форумға осы өңірдің он елінен келген делегаттар, Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Ауғанстан қазіргі үкімет басшысының орынбасары Абдул Салам Ханафи қатысады.

Кездесуде билік ауысқаннан кейінгі әскери-саяси жағдай, гуманитарлық көмек және инклюзивті үкімет жасақтау мәселелері талқыланады. 

Ескере кететін жайт, "Талибан" қыркүйек айының басында үкіметтің уақытша құрамын жариялаған еді. Бұған қарамастан көптеген елдер оны мойындамай отыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: afp.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу