"Талибан" радикалды қозғалысы билікті басып алғаннан бері алғаш рет әйелдерді жетекші лауазымдарға тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz радикалдар құрған уақытша үкіметтегі ақпарат және мәдениет министрінің орынбасары Забихулла Муджахидтің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап
"Уақытша Министрлер кабинеті басшысының өкімімен доктор Малалай Рахим "Малалай" мамандандырылған перзентхананың директоры болып тағайындалды. Білім министрлігінің ұсынысы бойынша және уақытша үкіметтегі премьер-министрдің мақұлдауымен доктор Ариан "Шахрара" гинекологиялық клиниканың директоры болып тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.
Осы тағайындаулардың алдында радикалдар бірқатар ел мен халықаралық ұйымның өкілдерімен кездесулер өткізді. Олар әйелдердің елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы мәселесін талқылады.
Табиғат Нұрболат
Фото: afp.com