"Талибан" Кабулда ДАИШ-ке қарсы арнайы операция өткізді

682

Тәліптер үш содырды жер жастандырды.

"Талибан" Кабулда ДАИШ-ке қарсы арнайы операция өткізді Фото: reuters.com

"Талибан" Ауғанстан астанасы Кабулдың солтүстік ауданында ДАИШ содырларына қарсы арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қозғалыстың қауіпсіздік күштері үш содырды жер жастандырып, елорданың осы аймағын толықтай өз бақылауына алды. Операция Солтүстік альянстың бұрынғы мүшелерінің бірінің үйінде қақтығыс болған. Бұл ұйым мен тәліптер арасындағы текетірес 1996 жылдан 2001 жылға созылған еді.

18 қарашада Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя Ауғанстанға іргелес елдердің аумағына террористік және есірткі белсенділігі таралуы мүмкін екенін айтты. Ол тәліптер билікті басып алғаннан кейін бұрынғы мәселелерге жаңалары қосылғанын мәлімдеді. Мысалы, әлі күнге дейін ешбір мемлекет "Талибанның" билігін мойындамай отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу