"Талибан" Кандагарды басып алды

1153

1990-шы жылдардың ортасында "Талибанның" жақтастары Кандагарды басып алған еді. 

"Талибан" Кандагарды басып алды

Ауғанстан билігі "Талибан" қозғалысы елдегі екінші үлкен қала Кандагарды басып алғанын растады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. 

Қала 12 тамызда кешке қарай қозғалыстың бақылауына өткен. Жергілікті билік пен олардың айналасындағылар Кандагардан қашып кеткен. 

1990-шы жылдардың ортасында "Талибанның" жақтастары Кандагарды басып алған еді. Бұл қала ұзақ уақыт бойы қозғалыстың штаб-пәтері болды. 2001 жылы қаланы Солтүстік альянстың әскері қайтарып алды.

Бұған дейін ресми Кабул "Талибан" қозғалысының жетекшілеріне билікті екіге бөліп, елді бірлесе басқаруды ұсынған болатын. Ауғанстан үкіметі тәліптермен бейбітшілік туралы келіссөздер жүргізу керек деп санайды, өйткені елдегі жағдай ушығып барады. 

Еуропалық Одақтың мәліметінше, Ауғанстан аумағының 65%-ы "Талибан" қозғалысының бақылауына өткен. Тәліптер енді тағы 11 провинцияның астанасын басып аламыз деп сес көрсетуде.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу