"Талибан" көршілес елдердің қауіпсіздігі туралы мәлімдеме жасады

941

Бұған дейін содырлар әйелдерді жаңа үкімет құрамына алудан бас тартқаны белгілі болды.

"Талибан" көршілес елдердің қауіпсіздігі туралы мәлімдеме жасады Фото: reuters.com

Ауғанстан аумағы ешқашан көршілес немесе басқа елге шабуыл жасау алаңы ретінде пайдаланылмайды. Ел премьер-министрінің бірінші орынбасары Абдул-Ғани Бародар осылай деді, деп хабарлайды Inbusiness.kz үкімет басшысының мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Шенеуніктің айтуынша, "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) барлық шетелдік елшіліктердің, дипломаттардың, инвесторлардың және халықаралық көмек ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

6 қыркүйекте тәліптер Панджшердегі қарсылық майданын толықтай бақылауға алғанын, сондай-ақ Ауғанстандағы соғыстың аяқталғанын жариялады. Олар бүлікшілерді қудаламауға уәде берді, бірақ қарсы топ олардың уәдесіне сенбей отыр. Қозғалыстың қарсыластары әділеттілік пен бостандыққа қол жеткізгенше террористермен күресетінін айтты.

Кейінірек содырлар әйелдерді жаңа үкімет құрамына алудан бас тартқаны белгілі болды. "Талибан" өкілі Сайед Зекрулла Хашими әйелдердің міндеті балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру екенін, сондықтан оларға саяси өмірге қатысуға рұқсат берілмейтінін айтты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу