"Талибан" Қытайды өзінің басты серіктесі санайды

5900

Тәліптер Бейжіңнің Ауғанстанның тау-кен өндірісін қалпына келтіруге көмектесетінінен үмітті.

"Талибан" Қытайды өзінің басты серіктесі санайды

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) Қытайды өзінің басты шетелдік серіктесі деп санайды. Бұл туралы ұйымның өкілі Забиулла Муджахид мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Қытай біздің елге инвестиция салуға дайын", – деді тәліптердің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, ҚХР соғыстан кейін Ауғанстанды қайта қалпына келтіруге көмектеседі.

Муджахид Қытайдың "Бір жол, бір белдеу" экономикалық жобасына оң бағасын беріп, Бейжіңнің осылайша "Жібек жолын" қайта жаңғыртып жатқанын атап өтті. Содырдың айтуынша, тәліптер Бейжіңнің Ауғанстанның тау-кен өндірісін қалпына келтіруге көмектесетінінен үмітті. 

Бұған дейін "Талибан" Қытаймен ынтымақтастық орнату, сондай-ақ елді қалпына келтіру процесіне Түркияны да қосу жоспары туралы мәлімдеген болатын. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу