"Талибан" Мәскеуге іссапармен барғысы келетінін мәлімдеді

874

Тәліптер Ресейді маңызды серіктес санайды.

"Талибан" Мәскеуге іссапармен барғысы келетінін мәлімдеді

Ауғанстанның жаңа үкіметі Ресеймен қарым-қатынасты жоғары деңгейде дамытып, Мәскеуге іссапармен барғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдегі уақытша үкіметтің Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Забиулла Муджахидтің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Біз Мәскеуден шақырту күтіп отырмыз. Бізде ешқандай проблема жоқ, біз Ресей үкіметімен арадағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде болғанын сұраймыз. Ресей Федерациясы біз үшін маңызды көрші, сондықтан Кабул мен Мәскеу арасындағы берік қарым-қатынастың куәсі боламыз деп ойлаймыз", – деді ол.

Бұл елдегі азаматтық рейстер 15 тамызда тәліптер Кабулды ұрыссыз басып алып, Президент Ашраф Ғани елден қашып кеткеннен кейін тоқтатылды. Осыдан кейін бірнеше мемлекет шұғыл түрде 31 тамызға дейін өз азаматтары мен олармен жұмыс істеген ауғанстандықтарды эвакуациялады.

Кабул әуежайының ұшу-қону жолағы мен терминалдары әуе айлағында болған тәртіпсіздіктер және 26 тамыздағы террорлық шабуылдың салдарынан қатты зақымданған еді. Тамыз айының соңынан бастап Катар мен Түркияның техникалық мамандары әуежайдың жұмысын ретке келтіруге көмектесіп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу