"Талибан" митингке шығуға тыйым салды

600

Тұрғындар наразылық білдіру үшін рұқсат алу керек. 

"Талибан" митингке шығуға тыйым салды Фото: reuters.com

"Талибан" үкіметі (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) Ауғанстан азаматтарына биліктің рұқсатынсыз митинг өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ауғанстанның Pajhwok агенттігіне сілтеме жасап.

Алдағы уақытта наразылық акцияларын ұйымдастырушылар алдымен ІІМ мен Әділет министрлігінің келісімін алуға мәжбүр болады.

"Заңсыз түрде бас көтергендер жауапқа тартылады", – деп жазылған Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

 7 қыркүйекте Ауғанстанның Ішкі істер министрі болып экстремистік "Хаккани желісінің" жетекшісі Сараджуддин Хаккани тағайындалған еді.

6-7 қыркүйек аралығында Кабулда Пәкістанға қарсы наразылық акциялары өтті. Ереуілшілер Исламабадтың Ауғанстан саясатына араласуын тоқтатылуын талап етіп, көшеге шықты. Сондай-ақ олар ереуіл кезінде Панджшердің қарсыласу шебін қолдап ұрандатты. Акцияны тарату үшін тәліптер аспанға оқ жаудырып, наразылық білдірушілерді ұрып-соғып, тұтқындай бастады.

3 қыркүйекте Кабулда Ауғанстан белсенділері әйелдер құқығын қолдауға бағытталған митинг ұйымдастырды. Тіпті наразылық білдірушілер президент сарайына да жақындаған еді.Бірақ тәліптер көзді жасаурататын газ қолданып, оларды таратып жіберді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу