"Талибан" тағы да әйелдерге оқ жаудырды

1238

Оқиға жергілікті аурухананың жанында болды.

"Талибан" тағы да әйелдерге оқ жаудырды

"Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) Кабулда наразылық шарасын ұйымдастырған әйелдерге оқ жаудырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Зардап шеккендер немесе жараланғандар туралы ақпарат жарияланбады.

Оқиға жергілікті аурухананың жанында болған. Бас көтерген әйелдер "Біз — аш халықтың үніміз"," Әділдік!",  "Жасасын адамзат" деп ұрандатқан.

Бұған дейін де "Талибан" жаңа үкіметке қарсы шыққан бейбіт ереуілшілерге бірнеше мәрте шабуыл жасаған еді. Тамыз айында Ауғанстандағы билікті басып алған уақытта тәліптер ұлттық ту бекітілген көлікке оқ атқан еді. Одан кейін де олар "республиканың" байрағын ұстап көшеге шыққандар мен наразылық шарасына қатысқан әйелдерге шабуыл жасады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу