Ауғанстандағы биліктен басып алған "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) Тәжікстан мен Өзбекстанмен арадағы шекарада орналасқан провинцияларға заманауи қару-жарақ және техникамен қаруланған 10 мың жауынгер жібереді, деп хабарлайды inbusiness.kz тәліптердің Қарулы күштері Бас штабының басшысы Кари Фасихуддин Фитраттың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Елдің солтүстік және солтүстік-шығыс провинцияларында НАТО мен АҚШ-тың ең заманауи техникасымен жабдықталған 10 жауынгер жіберіледі. Олар кез-келген қарулы шабуылға қарсы әрекет етеді", – деді Фитрат Twitter-дегі парақшасында.
Оның айтуынша, жақын арада оларға қолдау ретінде артынан әскери ұшақтар жіберілмек.
Ескере кететін жайт, Ауғанстанның солтүстігінде Балх провинциясы Өзбекстанмен, солтүстік-шығысындағы Кундуз, Тахар және Бадахшан – провинциялары Тәжікстанмен шектеседі.
Табиғат Нұрболат
Фото: apnews.com