"Талибан" тележүргізуші әйелдерді хиджаб киюге міндеттеді

1005

Мұхаммед пайғамбар мен оның серіктері туралы фильмдер мен сериалдарға тыйым салынды.

"Талибан" тележүргізуші әйелдерді хиджаб киюге міндеттеді

"Талибан" қозғалысы елдегі БАҚ жұмысына қатысты жаңа ережелерді енгізді, соның ішінде тележүргізуші әйелдерді хиджаб киюге міндеттеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап. 

Бұл шешім арнайы отырыста қабылданды. Жиынды исламға шақыру, бағдарлау, жақсылыққа үндеу және ұятты қылықтарға тыйым салу министрлігі ұйымдастырды. 

Уақытша үкіметтегі ақпарат және мәдениет министрінің орынбасары Забихулла Муджахидтің айтуынша, БАҚ исламның құндылықтарын ескеріп, ұлттық мүддеге қызмет етуі керек.

Сондай-ақ ережеде БАҚ актрисалар түскен драмалық фильмдер мен бағдарламаларды көрсетуден және орынсыз этикалық нормаларды насихаттайтын фильмдерді көрсетуден аулақ болу керектігі жазылған. Жалаңаш адам денесі көрсетілген фильмдерге, Мұхаммед пайғамбар мен оның серіктері туралы фильмдер мен сериалдарға тыйым салынды.

Табиғат Нұрболат

Фото: pixabay.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу