"Талибан" уақытша үкіметке екі жаңа министрді тағайындады

912

Гуантанамо түрмесінде жазасын өтеген "Талибан" командирі Абдул Каюм Закир Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары қызметіне кірісті. 

"Талибан" уақытша үкіметке екі жаңа министрді тағайындады

Ауғанстандағы билікті басып алған "Талибан" радикалды қозғалысы елдің уақытша үкіметіне екі жаңа министр тағайындады, деп хабарлайды Inbusiness.kz радикалды қозғалыстың өкілі, ақпарат және мәдениет министрінің орынбасары Забихулла Муджахид мәлімдеді.

"Панджшер провинциясының кәсіпкері Нуриддин Азизи сауда министрі болып тағайындалды. Оның орынбасары Баглан провинциясының кәсіпкері Мохаммад Башир болады. Доктор Галандар Ибад денсаулық сақтау министрлігін басқарады", – деді "Талибан" өкілі.

Сонымен қатар радикалдар белгілі саясаттанушы Назар Мохаммад Мутмаинді ұлттық олимпиада комитетінің басшысы, ал инженер Наджибулланы атом энергетикасы жөніндегі мемлекеттік агенттіктің басшысы етіп тағайындады.

Америкалық Гуантанамо түрмесінде жазасын өтеген "Талибан" командирі Абдул Каюм Закир қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары қызметіне кірісті.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу