Талибан Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі мен парламентті таратты

579

Шешімді қозғалыстың жоғарғы жетекшісі Хибатулла Ахундзада қабылдады.

Талибан Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі мен парламентті таратты

Ауғанстанда "Талибан" қозғалысының үкіметі (Қазақстанда тыйым салынған) бірқатар мемлекеттік органдарды таратып жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz The Khaama Press агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, тәліптер Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесін, ұлттық татуласу жөніндегі Жоғарғы Кеңесті, Ұлттық жиналысты (парламентті), адам құқығы жөніндегі комиссияларды, конституцияны қайта қарау жөніндегі комиссияларды және парламенттің екі палатасының хатшылықтарын таратты.

Құжатқа Талибан үкіметінің премьер-министрі Мұхаммад Хасан Ахунд қол қойған. Ал шешімді қозғалыстың жоғарғы жетекшісі Хибатулла Ахундзада қабылдады.

Конституцияның орындалуын бақылау жөніндегі тәуелсіз комиссия өз жұмысын жалғастыратын болды.

АҚШ 2021 жылдың көктемінде Ауғанстаннан әскерін шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін, Талибанның Қарулы Күштері ел аумағында бақылау орнату үшін ауқымды операция жүргізді. 15 тамызда тәліптер Кабулға ұрыссыз кіріп, 7 қыркүйекте уақытша үкіметтің құрамын жариялады. Оны әлі күнге дейін ешбір ел мойындаған жоқ.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу