"Талибан" үш күндік бітім жариялады

736

Бұл Ораза айтты тыныштықпен атап өту үшін қажет.

"Талибан" үш күндік бітім жариялады

"Талибан" радикалды тобы (Қазақстан иен Ресейде тыйым салынған) мұсылмандардың қасиетті Рамазан мерекесінің аяқталуына орай Ауғанстанда үш күндік бітім жариялады",  – деп хабарлайды батыс елдерінің ақпарат құралдары. 

"Талибан" өкілі Забихулла Мужахид сенбі күні таратқан мәлімдемесінде топ басшылығы "жауға қарсы шабуыл операцияларын жүргізбеу" бұйрығын бергенін және "Талибан" осы үш күнде арнайы қауіпсіздік шараларын қабылдайтынын" айтты.

Сондай-ақ, топ басшылығы жауынгерлік жасақ мүшелеріне Ауғанстан үкіметінің бақылауындағы аймақтарға кіруге тыйым салды. "Бұл отандастарымыздың Ид-аль-Фитр мерекесін тыныштықпен атап өтуі үшін жасалып отыр. Жексенбі күні, яғни Рамазан айы аяқталып, Ораза айт мерекесін тойлау басталған кезде оқ атысы тоқтатылады", – деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар, Ауғанстанның денсаулық сақтау министрі Ферузиддин Феруз тұрғындарды коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты Ораза айт мерекесін үйлерінде атап өтуге шақырды.

Фото: EPA

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу