Талибанның билікті басып алуы барысында 4 мың қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

1034

1 мыңы хабар-ошарсыз кетті.

Талибанның билікті басып алуы барысында 4 мың қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

Тәліптердің билікті басып алуы кезінде, яғни 1 шілдеден 15 тамызға дейін Ауғанстанның қауіпсіздік күштерінің 4 мыңға жуық қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Washington Post басылымына сілтеме жасап. Тағы 1 мың адам хабар-ошарсыз кетті.

Тамыздың басында "Талибан" Ауғанстан үкіметінің қарулы күштеріне қарсы шабуылды күшейтіп, 15 тамызда Кабулға басып алды. Келесі күні тәліптер "соғыс аяқталды" деп мәлімдеді. Тамыздың соңғы екі аптасында АҚШ әскери күштерінің бақылауында болған Кабулдағы әуежайдан Батыс елдерінің азаматтары мен олармен жұмыс істеген ауғанстандықтар жаппай эвакуацияланды. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскерилері Ауғанстаннан біржола кетті.  

Қыркүйек айының басында Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы жарияланды. Оның басшысы болып "Талибанның" бірінші билігі кезінде сыртқы саясатқа жауапты болған және 2001 жылдан бастап БҰҰ санкциялары салынған Мохаммад Хасан Ахунд тағайындалды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу