Ұйғырлардың "Шығыс Түркістан ислам қозғалысы" ұйымы Қытай билігінің түн ұйқысын төрт бөліп келеді. Ұйымның содырлары Ауғанстан, Сирия сынды соғыс жүріп жатқан аумақтарға сыйысып, ондағы діни-радикалдық ұйымдармен ағайындасқан. Басты мақсаты Қытайға бүлік салу. Қытай басшылығының жатса да, тұрса да ойларынан ұйғырлардың осы ұйымы кетпейтіні де сондықтан. Қытайдағы қайта тәрбиелеу деген желеумен ашылған лагерлердің пайда болуының себебі де осы.
Лагерлерге тек ұйғырлар ғана емес, Қытайда өмір сүретін өзге мұсылман халықтары да тоғытылып жатыр. Лагерге жабылған қазақтар да аз емес.