Талица ауылына қарай тараған өрт сөндірілді – ТЖМ

644

Елді мекендерге қауіп жоқ. 

Талица ауылына қарай тараған өрт сөндірілді – ТЖМ Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысы Талица ауылына қарай тараған өрт сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Минералдандырылған жолақтар жасау жұмыстары қолжетімділігі қиын болуына байланысты тоқтатылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері өрт ошақтарына әуеден 777 рет жалпы көлемі 2000 астам тонна су төгілді. Талица ауылына қарай тараған өрт дала аумағына шығып, сөндірілді", – деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу