"Тәлім тв" меценаттарды насихаттап, психологиялық сұрақтарға жауап береді"

995

Мұхамеджан Тазабек жаңадан ашатын арнасының контенттік жоспары туралы айтты.   

"Тәлім тв"  меценаттарды насихаттап, психологиялық сұрақтарға жауап береді"

"Тәлім тв"  деген атау алатын ақпарат құралы "Asyl arna" телеарнасында көрсетілген "Үлкен үй" жобасының аясын кеңейтпекші.

"Жаңа ғана Нұржан Дарқұлов бауырымыз айтып өткендей, "Халық арна" негізінен дінге тікелей қатысты  құндылықтарға басымдық береді. Ал "Тәлім тв"  оны қайталайды деп айта алмаймыз. Себебі осы күнге дейін "Тәлім trend" деген біздің  бағдарламамыз бар еді. Сол бағдарламаның негізінде "Тәлім тв" құрылып отырғандықтан, оның  өзінің жолы, ұстанымы, бағыты бар. Біз көбінде телеарнаның  бағытын әлеуметтік-отбасылық, мәдени-танымдық бағытқа қарай бұрамыз. Ол нені білдіреді? Қазіргі уақыттағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдердің ақысына қатысты отбасындағы әлеуметтік, туысқандық байланыстар, қоғамдағы адамдардың  бір-біріне деген махаббат, мейірімінен біз ақсап жатырмыз. Міне, осы мәселелерге көп басымдық беріп, әлеуметтік роликтер түсіріп немесе арнайы өңірлерді аралап, сол жердегі әлеуметтік мәселелерге біз өз тұрғымыздан араласа отырып,  ақпараттандыру, яғни белгілі бір меценаттардың жасап жатқан жақсы жұмыстарының насихатталуы, немесе қандай да бір тұлғаның елге көрінбей жатқан, бірақ жұрт көрсе пайдалы болатын дүниелерінің насихатталуы да телеарнадан орын алады. Яғни, осы күнге дейінгі "Asyl arna"-да "Үлкен үй" деген сериал-тележоба болған. Сол бағыттағы сериалдардың түсірілуі немесе тікелей эфирлердің көбейіп, психологиялық тұрғыдан жастарға, үлкендерге әртүрлі сұрақтарға жауап беру, әлеуметтік  мәселелерге жауап беру, психологиялық  сұрақтарға жауап беруді біздің конттенттеріміз қамтитын болады. Сондықтан бұл екі арна бір-бірін толықтырмаса, бір-біріне кедергі жасамайтын немесе бір-бірін қайталамайтын арналар деп айтқым келеді", – деді арна басшысы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу