Тәліптер 50 жыл бұрын жойылған монархиялық конституцияны қалпына келтіреді

1066

Елдің соңғы патшасы Захир шахтың конституциясы 1973 жылғы төңкеріске дейін қолданыста болған еді.

Тәліптер 50 жыл бұрын жойылған монархиялық конституцияны қалпына келтіреді

"Талибан" (Қазақстан тыйым салынған террористік ұйым) 50 жыл бұрын жойылған монархиялық конституцияның күшін қалпына келтіретінін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz әділет министрлігі басшысының міндетін атқарушы Абдул Хаким Шарианың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Талибан" өкілінің айтуынша, Ауғанстанда елдің соңғы патшасы Захир шах кезеңіндегі конституциясы қолданысқа енгізіледі. Алайда қозғалыс өкілдері шариғат нормаларына қайшы келетін ережелерді алып тастайды. Елдің соңғы патшасы Захир шахтың конституциясы 1973 жылғы төңкеріске дейін қолданыста болған еді.

6 қыркүйекте Ауғанстан Ислам Әмірлігінің уақытша үкіметіндегі Мәдениет министрінің орынбасары Забиулла Муджахид тәліптер жаңа конституцияны дайындаумен айналыса бастайтынын мәлімдеді. Ол құжаттың толықтай өзгертілетінін немесе бірқатар түзету енгізетінін айтты.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу