Тәліптер әйелдерді тәртіп сақшылар қызметіне қабылдай бастады

377

Талибан (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым — ред.) олардың лауазымдық міндеттеріне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.  

Тәліптер әйелдерді тәртіп сақшылар қызметіне қабылдай бастады Фото: twitter.com/BakhtarNA

Кейбір мамандардың айтуынша, тәліптер әйелдерді Ауғанстанның Ұлттық полициясына елдегі наразылықтарды тарату үшін жалдамақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz "РИА Новости" порталына сілтеме жасап.

Ауғанстанның Уақытша Үкіметі жанындағы ІІМ мәлімдемесіне сәйкес, қазір жүзге жуық әйел қоғамдық қауіпсіздік бөлімінде қызмет ету үшін оқытылуда. Талибан олардың лауазымдық міндеттеріне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Сарапшылардың пікірінше, әйел полицейлер әйелдердің наразылығына қарсы тұру үшін қолданылады.

"Бұл наразылықтар мен әйелдер жиналыстарының алдын алу үшін жасап отырған "Талибан" тактикасының бірі. "Талибан" мұны әйелдерге қатысты қатыгездікке қоғамдық реакцияны бақылауда ұстау үшін жасап отыр", — деді әйелдер құқығын қорғаушы Мұхадиса Амин.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу