Тәліптер әйелдерге көшеде сөйлеуге тыйым салды: Ауған әйелдері ән айтып қарсылық білдіріп жатыр

948

Жақында тәліптер зұлымдық пен ізгілік туралы заңдар декларациясын бекітті.

Тәліптер әйелдерге көшеде сөйлеуге тыйым салды: Ауған әйелдері ән айтып қарсылық білдіріп жатыр Фото: ru.wikinews.org

Ауғанстандағы әйелдер елде қабылданған және олардың құқықтарына нұқсан келтіретін жаңа заңдарға әнмен наразылық білдіріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Ауғанстандағы билеуші "Талибан" радикалды қозғалысы зұлымдық мен ізгілік туралы заңдар декларациясын бекіткені белгілі болды. Әйелдерге хиджабсыз көшеге шығуға және қоғамдық орындарда қатты сөйлеуге тыйым салынды.

Наразылық ретінде ауған әйелдері әлеуметтік желіде ән шырқап, "менің дауысыма тыйым салынбайды", "Талибанға қарсылық" хэштегтерімен бейнероликтерді жариялай бастады.

БҰҰ Талибан қабылдаған жаңа заңды жарамсыз деп атап, оны жоюға шақырды. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасының өкілі Равина Шамдасани: "заң әйелдерді автономиядан айырып, оларды іс жүзінде ешқандай дауысы жоқ қуыршаққа айналдырып отыр", – деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу