Тәліптер Алматыдағы бизнес форумға келеді

269

Ауған кәсіпкерлері өз тауарлары мен қызметтерін ұсынады. 

Тәліптер Алматыдағы бизнес форумға келеді Фото: Үкімет

Алматыда Ауғанстан және Қазақстан тараптарының бизнес форумы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратына сүйенсек, іс-шара 20-22 қазан аралығына жоспарланған.

Бизнес форумнан бөлек, іс-шара аясында ауған тауарларының көрмесі де ұйымдастырылады.

"Делегацияның Ауғанстаннан Қазақстанға сапары аясында ауқымды бизнес форум өтеді. Ауғанстан экономикасының түрлі салаларынан 250-ден аса кәсіпкер өз тауарлары мен қызметтерін ұсынады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу